BRENT МҰНАЙЫНЫҢ БАҒАСЫ 49,06 ДОЛЛАРҒА ДЕЙІН ҚҰЛАДЫ
Лондондық ICE биржасының сауда-саттығында Brent мұнайының қазан айындағы фьючерстерінің құны 10,4%-ға, барреліне 49,06 долларға дейін құлады, деп хабарлайды bnews.kz.
Жақында, 31 тамыз күні ОПЕК бюллетені жарияланғаннан кейін «қара алтын» күрт қымбаттап кеткен еді. Бюллетеньде мұнайдың әлемдік бағасын тұрақтандыру үшін ұйымның ОПЕК-ке мүше емес өзге де мұнай өндіруші елдермен келіссөздер жүргізуге дайын екені айтылған.