ҚАРМАҚШЫДА МҰРАЖАЙ МЕН КІТАПХАНА АШЫЛДЫ
Қармақшы ауданы орталығы Жосалы кентінде орталық кітапхана және мұражай ашылды. Салтанатты шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Бұл жерде құнды жәдігерлерді қалпына келтіруге арналған шеберхана мен кітаптарды сақтайтын арнайы бөлмелер бар. Сондай-ақ, ғылыммен айналысушыларға және суретшілерге арналған орындар да қарастырылған.
Құрылыс жұмыстарын «СК и Монтажстрой» ЖШС жүргізді. 236 миллион теңге қаржы жұмсалған ғимарат барлық талапқа сай. Мәселен, кітапхана электронды оқулықпен жабдықталып, оқырмандар үшін 10 компьютер қойылған. Ал мұражайға ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі археологиялық, этнографикалық жәдігерлері мен мәдени ескерткіштері жинақталған. – Қармақшыдай қасиетті топырақта мұражай мен кітапхана болмау ұят. Сондықтан осындай зәулім ғимаратты салдық. Бұл руханияттың ордасына айналатын болады. Тәуелсіз елдің патриоттары көптеп шығуына тілектеспін, - деді Қ.Көшербаев.