СОЮЗ ТМА-18М КЕМЕСІНІҢ ЭКИПАЖЫ ҒАРЫШҚА ҰШУҒА ДАЙЫН
Күні ертең «Байқоңыр» ғарыш айлағынан көкке көтерілетін «Союз» кемесінің экипажын мемлекеттік комиссия бекітті. Бұл сынақтан сәтті өткендер арасында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов те бар, деп жазады 24.кз.
Мамандар оның физикалық және техникалық даярлығын ерекше атап өткен. Экипаж мүшелерімен жұлдызды қалашыққа арнайы барған біздің тілшілеріміз де сұхбаттасып үлгерді. Олардың бұл сапары еліміз үшін мерейтойға толы жылмен тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан Айдын Айымбетов халықаралық ғарыш стансасына Қазақстан көк байрағымен бірге, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған туды жеткізеді. Сондай-ақ ол әскери әуе күштер құрылымының жалауын да алып ұшуға ниетті. Ғарыш кемесі ертең 10.37-де өткенде сапарға аттанады. Сондықтан экипаж мүшелерінің түн жарымға дейін тынығып, демалып алу мүмкіндігі бар.
Айта кету керек, олар орбитада екі тәулік бойы сапар шегіп, халықаралық ғарыш станасына жетеді. Айдын Айымбетовке бұл жолы маңызды тапсырмалар жүктеліп отыр. Ол аспан әлемінде ағарушылық сипаттағы және қазақтың ұлттық тағамдары қатысты бірнеше тәжірибе жасауы тиіс.
- Бір эксперимент «Дастархан 6» деп аталады. Оған ұлттық тағамдарымыз кіреді. Бұл тәжірибеге қажетті азық-түліктерді қазақ тамақтану академиясы әзірлеп берді. Мамандар аталған өнімдер адамға айрықша қуат беруі тиіс. Атын атап өтер болсам харчо сорпасы, құрғақ жылқы сүті және ірімшік деген тағамдар, - деді Айдын Айымбетов.