КОНСТИТУЦИЯ КУНІ «АЛҒЫС ХАТ» БЕРІЛДІ
Қызылорда облыстық сотында өткізілген Конституция күнінің 20 жылдығына арналған мерекелік жиында Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Сәрсенбаева Қаракөз Асқанқызына лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі әділ орындағаны және жұмыста қол жеткізген табыстары мен жоғары көрсеткіштері үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің «Алғыс хаты» табыс етілді.
Сәрсенбаева Қаракөз Асқанқызы сот саласында 1998 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Еңбек өтілін іс тіркеуші болып бастаған ол 5 жыл сот отырысының хатшысы, сот орындаушы болып жұмыс істеген. 2004 жылы Кызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі лауазымына тағайындалған. Осы қызметте тағы 7 жыл Қазалы, Шиелі аудандық соттарында жұмыс жасаған. Одан кейін 2 жыл Қызылорда облыстық сотында бас маман қызметін атқарды.
2013 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі міндетін абыройлы атқарып келеді.
Осы сот саласында жұмыс жасаған уақытта Сәрсенбаева Қ.А. өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Өзінің жұмысына адал, еңбекқор, қоғамдық жұмысқа белсенді араласатын, жауапты және тәртіпті Қаракөз Асқанқызы «Алғыс хатқа» ие болды. Алдағы уақытта да еңбекте жеміс тілейміз!
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі