ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АЛҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ПРЕСС-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат өкілдері «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірегей бағдарламасы аясында қолдау алған қызылордалық кәсіпорындарды аралады. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалынан хабарлады.
Қатысушылар медицина, қонақүй қызметі, кілем жуу орталығы салаларындағы және түйіршіктелген құрама жем өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды аралады. Журналисттер әртүрлі кезеңде жүзеге асып жатқан жобалармен танысты, яғни мемлекеттің қолдауымен өмірге жаңа еніп келе жатқан жобалардан бастап, өндірісті жаңғыртуға байланысты жобалармен танысты.
Қатысушылар бірінші болып кілемдерді тазалаумен айналысатын Жеке кәсіпкер «Ансарлар» кәсіпорнына тоқтады. Осы күні аталған кәсіпорынның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Кәсіпорынды 20 жасар студент Ғабиден Жақсылық басқарады. Несиеге алынған қаражатқа Ғабиден Түркиядан арнайы кілем жуатын құрылғы мен Газель автокөлігін сатып алды. «Даму» Қоры 70 пайызға кепілдемесін беру арқылы кәсіпкерге 11,5 млн. теңге көлеміндегі несиені алуға мүмкіндік туғызды.
Пресс-тур барысында кілем тазалаудың барлық этаптарын көрді, алдымен кілемге терең енетін құрамы бар тазалауға арналған сұйықтық құйылды. Осылайша түпкі дақтар мен шаң сыртқа шығарылды. Соңында кілемді арнайы щеткалардың көмегімен машиналы тазалау жасады.
Содан кейін журналисттер жеке кәсіпкер Қ. Есдаулетовтың қонақүйіне барды. Қонақүй Қызылорда қаласының Арай мөлтек ауданында орналасқан. Қонақүйдің жалпы көлемі 522 шаршы метр. Қонақүй 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабатында қонақүйдің қонақтарына арналған мейрамхана, екінші қабатында 10 қонақүйлік бөлмелер орналасқан. Бағдарлама аясында кәсіпорын пайыздық ставкаға субсидия алып отыр, яғни банктің 14 пайызының 7 пайызы мемлекетпен өтеліп жатыр, қалған 7 пайызы кәсіпкермен төленуде. Сонымен қатар «Даму» Қоры несие алуға жеткіліксіз болған кепілмүлікке қосымша 25 пайызды құрайтын кепілдемесін берді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қонақүйді ашу жоспарланып отыр. Кәсіпорынмен 11 жаңа жұмыс орны құрылмақ.
Келесі объект – бұл «Ran Medical» ЖШС компаниясының медициналық орталығы. «Vitamed» медицина орталығы ағымдағы жылдың тамыз айында ашылды. Медицина орталығының ғимараты көлемі 500 шаршы метрді құрайды.
Медицина орталығы Қызылорда қаласының тұрғындарына келесі қызметтерді көрсетеді: неврологиялық, гинекологиялық, жұрек-тамыр ауруларының профилактикасы мен оларды емдеу, Ecube-9 аппаратында ультрадыбысты диагностика жасау, электрокардиографикалық зерттеу, барлық лабораториялық анализдер мен барлық процедуралық емдердің түрін жүргізеді.
Аталған жобаны жүзеге асыру үшін «Ran Medical» ЖШС-гі «Қазақстан халық банк» АҚ арқылы несие алды және мемлекеттен пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдеме түрінде қолдау алды.
Және қатысушылар соңғы объект болып «ЖанАрай Жем» ЖШС-нің құрама жем шығаратын зауытында тоқтады. «Жан-Арай Жем» ЖШС жем шығару өндірісін қолға алып, облыс бойынша зауытты ашқан алғашқы компания. Зауыттың күнделікті жұмыс қуаты 80 тн дайын өнім шығаруға жетеді, бүгінгі таңда зауытта 15 адам жұмыс жасайды, зауыт толық қуатына қосылғанда зауытта 48-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмысқа тұрады.
Зауыт аумағында сонымен қатар күнделікті қуаты 150 тн болатын күрішті өңдеумен айналысатын құрал-жабдықтар және шикізат пен дайын өнімді сақтайтын қойма, автотаразы, лаборатория мен қаптама цехы орналасқан. Сондай-ақ, ұн тартатын диірмен мен макарон өнімдерін шығаратын желі де іске қосылған. Осы технологиялық желіден шыққан егін қалдығы мал және құс шаруашылығына қажетті жем өндірісіне қолданылады. Барлық құрал-жабдықтар Германиядан жеткізіліп, арнайы мамандардың қондырумен іске қосылған.
«Құрама жем шығару өндірісімен айналысатын зауыт ашу» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Жан-Арай Жем» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Сбербанк Казахстан» ДБ АҚ несие рәсімдеп, «Даму» Қорының екінші деңгейлі банк алдында 95 млн.теңге көлеміндегі кепілдемесін алған.
Бағдарлама жүзеге асқаннан бері Қызылорда облысы бойынша «Даму» Қорымен кәсіпкерлердің 282 жобасы бойынша субсидиялау келісім шарты жасалған және осы келісім аясында 2 058,40 млн. теңге көлеміндегі субсидия кәсіпкерлерге төленген.
Кәсіпкерлердің 86 жобасы бойынша «Даму» Қорымен 1 267,52 млн. теңге көлеміндегі кепілдемесі беріліп, 2 675,23 млн. теңгені құрайтын несиені кәсіпкерлерге алуға мүмкіндік берген. Әрбір үшінші кепілдеме берілген жоба – бұл бастаушы кәсіпкердің жобасы. Бұл көрсеткіш облыста кәсіпкерліктің ашылуына өз септігін тигізіп жатқандығын көрсетеді.
Республика бойынша жасалған кепілдеме шарты бойынша Қызылорда облысы 6-шы орында келеді.
Субсидиялау және кепілдендіру құралдарын пайдалану арқылы кәсіпкерлер 7180 жұмыс орнын сақтап , 3626 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік алды.
Бағдарламаның нәтижелерін қорытындылай келе, Бағдарлама облыстың әлеуметтік және эконоимкалық дамуына оң әсерін беріп жатқандығын көруге болады.