ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ БҰРЫНҒЫ ОТАНДАСТАРЫМЫЗ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Қазақстанға ыстық ықыласпен» деген тақырып аясында Сыр еліне табан тіреген шет елдердегі бұрынғы отандастарымыз бүгін «Сыр Медиа» ЖШС-нің орталық коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдерімен кездесті.
«Мақсат – басқа мемлекеттерде өмір сүріп жатан отандастарымызға этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін таныстыру. Олар – кезінде осында тұрған, кейін тарихи Отандарына қайтып оралған әртүрлі этнос өкілдері», - деді брифингте "Қоғамдық келісім орталығы" КММ-нің бөлім меңгерушісі Асылбек Жұмабаев.
Бұл кездесу ұлттық тарихи, мәдени бен дәстүрлі байлығымызды еселей түсіп, оған жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға септігін тигізері сөзсіз. Қонақтардың қатарында Шешен Республикасының Халық әртісі, Грозный қаласының халықтық үрлемелі аспаптар ансамблінің жетекшісі Сұлтан Адаев, Ресейдің Томск қаласындағы «Томладпарфюм» компаниясы директорының орынбасары Александр Цой, украиналық зейнеткер Лидия Пшенникова және тағы басқалар бар.
БАҚ өкілдерімен кездесуде қазақ диаспорасымен және бұрынғы отандастармен байланысты нығайту, Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Назерке САНИЯЗОВА