БҮГІН ПАРЛАМЕНТТІҢ V СЕССИЯСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Бір айдан бері өңірлерді аралаған депутаттар халықтың жағдайын көріп, аймақтардың тыныс тіршілігімен танысып келді. Қазір V сессияның алғашқы бірлескен отырысы есігін ашады, деп жазады 24 кз.
Парламенттегі ахуал мен халық қалаулыларының көңіл-күйі жайлы айтсақ. Қазір көптен бері жүздеспеген əріптестер қал-жағдай сұрасып емен жарқын əңгімелесуде. Біз депутаттармен алдын ала сұхбаттасып та үлгердік. Бір айтарым, биылғы сессия депутаттық сауалдардың санымен ерекшеленетін түрі бар. Аймақтарды аралаған Парламент мүшелері Үкіметке жаңа ұсыныстарын даярлап қойғандарын айтады. Ал өткен IV сессияның қорытындысын еске түсірер болсақ, жұмыс нәтижесі айтарлықтай. Сессия шеңберінде палаталардың төрт бірлескен отырысы өтіп, 190 заң жобасы талқыланды. Оның 113-і қолдау тапты. Ел есінде қалған заң жобаларының бірі бұл жол ережелеріне еңгізілген өзгерістер болатын. Жəне мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға қатысты қабылданған құжат та бұқараның кең талқысына түсті. Vсессия да табысты болады деген сенім бар.