ЕЛІМІЗДЕ 1 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ АЛҒАШ РЕТ «ЕРЛІК САБАҚТАРЫ» ӨТЕДІ
Биыл, 1 қыркүйек – халықаралық білім күні бүкіл Қазақстан бойынша алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде «ҚР Қорғаныс министрінің бастамасымен ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге «Ерлік сабақтары» өтеді, деп хабарлайды Bnews.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, патриоттық сезімге, еліміздің мақтанышы болуға, Отанды қорғауға және нағыз патриоттың үлгісін қалыптастыруға тәрбиелеу – акияның негізгі мақсаты. Бұдан өзге, оқушылар Қазақстан тарихында айтулы күндердің мағынасын ашатын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда қоғамдағы ұлтаралық келісіммен, ел тарихымен, мемлекеттік рәміздермен, Конституциямен танысады. Осы орайда арнайы бейнероликтер мен оқу дәрістері әзірленді.
Білім күні республикамыздың мектептері мен колледждерінде «Ерлік сабақтарын» өткізу үшін ҚР Қарулы Күштерінен барлығы 1 300-ден аса әскери қызметші қатысатын болады. Сабақтарды өткізуге ҚР ҚК генералдары, офицерлері мен сержанттары, сонымен қатар Қорғаныс министрінің орынбасары, ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшыларының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер түрлерінің қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер түрлері қолбасшыларының орынбасарлары, сондай-ақ әскери бөлім командирлері қатысады.
Акция республиканың барлық өңірін қамтыды. Аталған акция өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге және ҚР Қарулы Күштер қызметін дәріптеуге ықпал ететінін айта кеткен жөн.