ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ
1 қыркүйек – Қазақстанда Білім күні. Биыл 340 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды, деп хабарлайды BNews.kz.
«1 қыркүйекте 7,5 мыңнан астам мектеп 2 млн 600 мыңнан аса оқушыны қабылдайды, соның ішінде 336 мыңы – бірінші сынып оқушылары», - деп мәлім етті білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
ҚР БҒМ дерегінше, биылғы жылы 157 жаңа білім ошағы пайдалануға беріледі. Осылайша, 100-ге жуықтаған үш ауысымды мектептер саны 80-ді құраса, апатты білім ошақтары екі есеге қысқарады: 136-дан 66 мектеп қана қалады.
Қыркүйектің алғашқы күні барлық мектептерде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындар өтеді.
Білім күнін ТМД мемлекеттері дәстүрлі түрде атап өтеді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей, Түрікменстан, Украина.