ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында күн райы құбылмалы болады, атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, күндіз солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарында найзағай жарқылдайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында да найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін барады. Қарағанды облысында тұман тұман түседі деп күтілуде. Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл өңірлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан облысында кей бөліктерде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды. Күндіз Шығыс Қазақстан өңірінде аптап ыстық болады деп болжануда. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.