ЖАЛАҒАШТА ЖАРЫҚ ДИОДТЫ ШАМДАР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында жарық диодты шамдар өндіретін зауыт ашылды. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.
«Қазэнергияүнемдеу» ЖШС қолдауымен іске қосылған зауыт жылына 31,2 мың дана жарық диодты шам шығаруға қауқарлы. Қазақстанның индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып отырған жобаның құны 98,3 млн теңгені құрап отыр. Кәсіпорын аудандық индустриялды аймақта орналасқан.
Қызылорда өңірі қолға алып отырған жарық диодты шамдар жасау жобасы қазіргі нарық жағдайында өте өзекті. Аталған өндіріс қуат көзін үнемдеуге мүмкіндік береді. Энергияның өзін үш есе үнемдесе, оған шамдардың ұзақ мерзімге жарамдылығын қосыңыз.
- Зауытта шығарылатын өнім түрлерін пәтерлерде, қоғамдық және кеңселік ғимараттарда пайдалануға болады. Қазірдің өзінде Жалағаштың ең үлкен көшесі осы диодты шаммен жарықтандырылған. Енді бұл жұмысты жалғастырып, облыс орталығында осындай үнемді шамдарға ауыстыру қажет, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Қазір кәсіпорында 18 адам қызмет етуде. Толық қуаттылығында жұмыс істеген уақытта қызметкерлер саны 35-ке жеткізіледі.