СЫР ДИҚАНДАРЫ КҮРІШКЕ ОРАҚ САЛДЫ
Бүгін Жалағаш ауданы «Ер-Әлі» щаруашылығында облыс диқандарының күріш ору науқаны салтанатты түрде басталып, ашық аспан астында «Дала күні 2015» семинары өтті. Шараға аймақ басшысы Қ.Көшербаев және ауыл шаруашылық саласының мамандары қатысты.
Алдымен шаруақожалықтар осы жерде бір-біріне тың әдістерін айтып, тәжірибе бөлісті. Мәселен, «Ер-Әлі» шаруа қожалығы өткен жылдан бастап жерді тегістеп барып, күріш тұқымын сеуіп жатыр. Мәселен, былтыр егіс алқабының 30-40 пайызы осындай тың әдіспен егілгеннің өзінде орташа есеппен әр гектардан 65 центнерден өнім алған. Биыл егіс алқапты толықтай тегістеп, күріш екті. Өнімнің қаншалықты мол болатынын салыстырмалы түрде бағамдай беріңіз. Мамандар жердің тегіс болуы жаңа технологияның жұмыс істеуіне ыңғайлы екендігін айтып отыр. Сондай-ақ, күріштің шығымдылығына да пайдасы мол. Шетелдік тәжірибеде осындай жерді тегістеп еккен шаруаларға ғана субсидия төленеді екен.
Субсидия демекші, облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов министрлікке күріштің гектарына емес, алған өнімділігіне қарай төлеу қажеттігін ұсынғанын жеткізді. Расында бұл механизм іске асса, жаңашылдық енгізіп, мол өнім алғандар ұтатыны анық.
Биыл 164 мың гектарға егін егілсе, соның 84 мыңға жуығы күрішке тиесілі. Мамандар межеден көп болғандығын айтуда. Өз кезегінде су тапшылығына әкеп соққан. Бірақ тиісті шешімдердің дер кезінде қабылдануының арқасында төккен тер еш кеткен жоқ. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін әртараптандыруға назар аудару қажеттігі айтылды. Яғни, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын көбейту қажет.
Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтының тұқымын биыл облыстың 40 шаруашылығы егіпті. Сонымен қатар, сорттың 17 түрі сынамадан өтуде.
– Ауыл шаруашылығы саласы бойынша облыста ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл жұмыстарды жалғастыруымыз керек. Күріштен сапалы өнім алудың жағын қарастырғанымыз жөн. Бұл бағытта Краснодар аймағымен тығыз байланыстамыз. Облыста егілетін күріш тұқымының 70 пайызын ресейлік сорттар құрайды. Сондықтан ғалымдарымыз әлі де еңбектене түсу қажет. Бүгін облыста күрішке орақ салынды. Қыркүйектің соңына дейін егінді жинап болуымыз қажет. Оған толық мүмкіндік бар. Алдын ала болжам бойынша өнімділік соңғы екі жылдың көрсеткішінен төмен болмайды деп пайымдап отырмыз , - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Басқосу соңында ауыл шаруашылық саласының мамандарына облыс әкімі «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарын табыстады.