ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАБЫ МЕН ІЗГІ ТІЛЕКТЕРІ ЖЕТКІЗІЛДІ
Алты жылдан бері 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Біздің облысымызда да бұл акция 1 тамыздан бастау алған болатын. Бүгінде 2000 жуық балаға 8 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетілді. Мектеп формасы мен құрал-жабдықтарының жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Акцияға мемлекеттік мекемелер, депутаттар, облыстық басқармалар мен бизнес құрылымдары да өз үлестерін қосып келеді. Осы шараның аясында жаңа оқу жылына дейін 20 мыңнан астам балаға көмек көрсетілетін болады.
Биылғы оқу жылында 1-ші сыныпқа баратын бір топ баланы облыс әкімдігіне арнайы шақыртып, оларға Бүгін мектеп формасы және қажетті оқу құралдарымен бірге 1 қыркүйек – Білім күні мерекесінде Елбасының атынан «Менің Отаным-Қазақстан» атты кітапты тапсырылды.
Жаңа оқу жылына алғашқы қадамдарың құтты болсын. Сіздер Тәуелсіз еліміздің болашақ білімді, мәдениетті азаматы болатындарыңызға, Сіздердің бүгінгі күннен бастау алатын жолдарыңыз бақытты болатынына еш күмәніміз жоқ, - деп облыс әкімінің орынбасары оқушыларға жылы тілек білдірді.
Бүлдіршіндер өз кезегінде облыс басшылығына алғыс білдіріп, үміттерін ақтайтындарын жеткізді.