ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН КЕҢ АУҚЫМДА АТАП ӨТТІ
Бұл жыл – қазақ елі үшін, сан мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тағдырын бір арнаға тоғыстырған Қазақстан халқы үшін елеулі оқиғаларға толы жыл болды. Себебі еліміздің басты саяси құжаты, арайлы азаттығымыздың айғағы, дамуымыздың тұрақты кепілі – ҚР Конституциясының қабылданғанына және бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы, келісім мен өзара түсіністіктің үлгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Қазақ елі тарихында алтын әріптермен жазылған айтулы күн қарсаңында, бүгін, яғни 2015 жылдың 28 тамызында А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы, жеке құрамның және қонақтардың қатысуымен мерекелік шара болып өтті.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Әнұраны ырғағымен ашылып, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың арнайы құттықтау жеделхаты оқылды.
Қызылорда ОІІД бастығы Жанат Сүлейменов сөз алып, жиналған қауымды қатар келген қос мерекемен құттықтап, «Конституция күні» мерекесінің полиция қызметкерлері үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
Бұдан кейін, шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығы ресми түрде оқылып, Елбасының жарлығымен Ата заңымыздың ұлықтығын қамтамасыз етіп, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін ішкі істер департаментінің бірқатар басшылары «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің және облыстық ішкі істер департаменті бастығының мерекелік марапаттау жайлы бұйрығы жеке құрамға таныстырылып, қызметте кәсіби біліктілігінің арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, қызметтік міндетін қажырлы әрі адал орындаған ішкі істер органдарының 8 қызметкері – ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, 15 қызметкері – Құрмет грамотасымен, 19 қызметкері – Грамотамен, 20 қызметкер – Алғыс хатпен марапатталса, 34 қызметкерге алғыс жарияланды.
Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Марапат иелерінің, жалпы жиналған қауымның құрметіне әуелетіп ән айтылып, күмбірлетіп күй тартылып, мың бұралған билер биленді. Сонымен қатар, шара барысында жиынға қатысушы қонақтар, кәріс этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Шин Вилорий Николаевичтің, славян қоғамдық-мәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Данилина Татьяна Николаевнаның құттықтау сөздері, жүрек жарды лебіздері де тыңдалды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі