НҰРХАН ЖАЛИЕВ ТӨЛ ТЕҢГЕМІЗДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДЫ ҰСЫНДЫ
«Теңгенің еркін айналымға шығуына байланысты қалыптасқан ахуал экономикалық саясатта жаңаша шаралар алуды қажет етіп отыр. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке енуі де бизнеске үлкен жауапкершілік жүктейді. Ендігі жерде жаһандық дағдарысқа қарамастан қолдағы экономикалық мол мүмкіндіктердің жіберіп алмай, барды ұқсатып пайдалану керек», деді саясаттанушы, «Сыр медиа» ЖШС басшысының орынбасары Нұрхан Жалиев облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында.
Нұрхан Жалиев қазіргі қалыптасқан жағдайға сәйкес шетелдік валюта мен сыртқы нарыққа тәуелділіктен арылып, төл теңгеміздің әлеуетін арттыруды, отандық тауарөндірушілерді қолдау арқылы ішкі нарықты қалыптастыруды ұсынды.
Жиынға қатысқан Қазақ гуманитарлық-техникалық заң колледжінің экономика кафедрасының оқытушысы Жұлдызай Сәндібекова да жаңа экономикалық жағдайға қатысты ойын оратаға салды. Өз сөзінде ол мемлекет саясатының кәсіпкерлікті дамытуға басым бағыт беруінің нәтижесінде бизнес өкілдеріне, жергілікті тауар өндірушілерге түрлі жеңілдіктер үзіліссіз беріліп жатқандығын атап айтты.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА