ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕК КЕЗ-КЕЛГЕН ҚИЫНДЫҚТАН АЛЫП ШЫҒАДЫ
Күллі әлемді алаңдатып отырған бүгінгі дағдарыстың мазмұны мен сипаты жөнінде көптен бері айтылып келеді. Әлем экономикасын ақшадан ақша жасау, осының негізінде тұтыну психологиясы билеген бүгінгі заманда оған қарсы тұратын қаруымыз ол – еңбек. Шынайы экономика оның заңдылығы бойынша таза еңбекпен жасалады. Алып сату, өнім өндірмей табыс табу нарық экономикасы өмірге келгелі бізді ұдайы тығырыққа тіреумен келеді. Себебі нарық экономикасы 500 жылдай дамыған Батыста бұл қалыптасқан үрдіс. Экономика дағдарысқа ұшырайды, қайта сілкінеді.
Күні кеше әлемдегі алпауыт экономика – Қытай елінде біршама абыржушылық байқалды. Ақпарат құралдарынан мәлім болып отырғанындай, Қытайдың юаны АҚШ долларының бағамына шаққанда біршама құнсызданды. Үздіксіз дамып келе жатқан Күншығыс елі осындай жағдайға душар болып жатқанда біз айналамыздағы тосын құбылыстардан, әлбетте, айналып өте алмаймыз. Мұндайды қазақтар бейнелеп айтқанда, "түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан ізде”дейді.
Біз әдетте, жұмыссыздық жөнінде жиі ауызға аламыз. Жұмыссыздық барлық елдерде бар. Ғасырлар бойы өркениеттің жолымен дамыған еуроодақ елдерінде, Грекияда не болып жатыр? Жұмыссыздықтан, шарасыздықтан, соғыс дүрбелеңінен бала-шағаларының амандығын ойлап, Еуропаға ағылған босқындар соңғы уақытта тіпті көбейіп барады. Қысқасы, бүгінгі әлемдегі ахуал мазасыз.
Не істеуіміз керек? Қол-аяғы бүтін, атпалдай азаматқа бүгінде жұмыссыздық дегенді сыныққа сылтау іздеу деп түсінуіміз керек. Сыр өңірінде өнбейтін, өспейтін дақыл жоқ, бізге жетіспейтіні – өнім өндіруге деген талпыныс байқалмайды. Ежелден егіншілік мәдениеті қалыптасқан Сыр өңіріне картоп және басқа да көкөністерді Қазақстанның басқа өңірлерінен, тіпті шетелден тасымалдау ақылға сыймайтын құбылыс.
Сырдың бойы тұнған байлық. Егіншілік саласында, мал шаруашылығы бағытында атқаратын тірліктер ұшан-теңіз. Әрине, осының барлығы атқарушы билікке жүктеліп отырған міндеттер емес, біздің әрқайсысымыздың төл міндетімізге айналуы қажет. Үкімет теңгенің долларға шаққандағы бағамын еркін айналымға жіберіп, осыған орай тиісті шаралар кешенін қабылдады. Атқарушы билік жүктелген міндеттерге сәйкес тиісті жұмыстарын атқаратын болады. Биліктің міндеті – еңбек етуге жарамсыз азаматтарға, көпбалалы отбасыларына қолұшын беріп, оларға қолдау көрсетуі керек. Ал қалғандарымыз өз нәпақа-несібемізді еңбекпен тауып жатсақ, қандай қиыншылық болса да абыроймен өтуге болады.
Сейілбек ШАУХАМАНОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы