САЛА ҮЗДІКТЕРІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін облыстық әкімдіктің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-жылдығы мерекесіне орай кездесу болып өтті.
Салтанатты жиналысты құтықтау сөзімен ашқан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы берекелі әрі нәтижелі, табысты істерімен көзге түскен бірнеше сала мамандарын қабылдап, оларға мерейтойлық төсбелгілер табыс етті. Оған қоса, бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері, дәрігерлер, білім саласының мамандары, өнерпаздар, дін қызметкерлері, жүрналистер және жастар ұйымының мүшелері бар.
Айта кетейік, Елбасының жарлығымен айтулы мереке қарсаңында мерейтойлық төсбелгісіне Сыр елінен 260 адам ие болды. Алдағы уақытта марапаттау рәсімі жалғасын таппақ.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА