ҒАРЫШКЕРЛЕР БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Үшінші қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшуына 1 апта қалды. Байқоңырдағы ғарышкерлер аллеясына ғарышкерлер көшет отырғызды. Бұл жерде Юрий Гагарин ғарышқа ұшар алдында бір түп ағаш көшетін отырғызған, содан бері дәстүр жалғасып келеді. Жасыл желектің арасында Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев еккен ағаштар да жайқалып тұр. Бүгін міне қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов те осы рәсімді орындады, деп жазады kazcosmos.gov.kz.
Ұлттық тағамдарымыз ғарышкерлердің ас мәзіріне енуі әбден мүмкін. Мұны тілшілермен жүздескен ғарышкер Айдын Айымбетов жеткізді. Себебі қасиетті жылқының еті мен қымызы шаршағаныңды басып, бойыңа қуат береді. Бұған көз жеткізген экипаж мүшелері осыны қолдап отыр.
«Біз қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татып көрдік. Қатты ұнады. Әсіресе, қымыз. Жалпы барлығы да керемет. Ғарышта да ас мәзірінің алуан түрлі болғанын қалаймыз. Сондықтан да қазақтың «Дастархан-6» деп атаған мәзірі біз үшін өте қажет», – деді экипаж командирі Сергей Волков.
Арнайы нұсқаушылардың көмегімен ғарыш кемесінің бортына алып баратын құжаттарға қаныққан ғарышкерлер мұнда бекітілген кестеге сай жүріп тұрады. Ас мәзірінен бастап, көретін киносына дейін тізімі бар. Себебі ғарышкер талапқа сай жан-жақты болуы шарт. Өздері орналасқан «Космановт» қонақүйінде барлық жағдай қарастырылған. Спортқа да көңіл бөлген. Олар бильярд пен үстел теннисі, сосын шахмат пен дойбыдан сынға түсіп, өзара мықтыны да анықтады.
«Мен өте қуаныштымын. Маған Елбасы осындай жауапты сәтте ғарышқа қазақ елінің атынан ұшуды тапсырды. Мен енді бар білімімді, күшімді осыған жұмсайтын боламын. Қазіргі таңда ғалымдар ғарыш саласын игеруді ілгерілетуде. Бізде осыған өз үлесімізді қосатын боламыз», – деді Айдын Айымбетов.
Ғарышкерлер алдағы 1-2 күнде арнайы костюмдерін тағы бір сыннан өткізеді. Сосын оларды жауапты сәт күтіп тұр.