ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ БІР ЖЫЛДА МҮГЕДЕКТЕР САНЫ АРТТҚАН
Қызылорда облысында соңғы бір жылда мүгедектер саны арттқан. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы орынбасары Ернар Пернеқұлов хабарлады.
Оның ішінде алғашқы рет болып танылған мүгедектер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға өскен. Оның ішінде 814-і ересектер. 18 жасқа дейінгі мүгедек деп саналған балалардың саны 353-ке жеткен. Ересектер арасындағы мүгедектік көшін қан айналым аурулары бастап тұр. Екінші орында туберкулез ауруы болса, үштікті қатерлі ісік аурулары аяқтайды.
Ал балалар арасында туа біткен ауытқулар жиі кездесетін көрінеді. Департаменттің берген ақпараты бойынша, жүйке аурулары да белең алып келеді. Сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары да былтырғы жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға өскен.
«Үстіміздегі жылдың 6 айында басқарма тарапынан 3829 мүгедекке жеке оңалту бағдарламасы әзірленді. Оның 110-ы медициналық сауқтыруды қажет етсе, әлеуметтің бағыттағы әзірленген оңалтубағдарламасына 1748 адам қаралды. Олардың дені протездік-ортопедиялық және гигиеналық құралдарға, санаторлық-курорттық емделуге, жеке көмекші мамандардың көмегіне болып келеді. Кәсіби бағыттағы оңалтуда балалардың психологиялық-педагогикалық коррекциясы, мүгедектерді жұмысқа орналастыру және қайта оқыту шаралары қарастырылған», - деді Е. Пернеқұлов өз сөзінде.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА