ОБЛЫСТА ВАЛЮТА НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Қызылорда облысында валюта нарығындағы ахуал тұрақты және ұлттық валютаның айналасында ешқандай дүрбелең байқалмайды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында Қазақстан Ұлттық Банкінің Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры Ернар Жұмабеков мәлімдеді.
Қаржыгердің айтуынша, Ұлттық банк дер кезінде облыстағы екінші деңгейлі банктердің теңге немесе АҚШ долларының қолма-қол ақшаға деген сұранысын қанағаттандырып отыр. Жүйелі іс-қимылдардың нәтижесінде ақша тапшылығы жоқ.
Сонымен қатар, Ұлттық банк аймақтағы барлық айырбастау пунктеріндегі бағамға күнделікті мониторинг жүргізіп отыр. Ондағы шетел валютасын сатып алу-сатудағы рұқсат етілген курстық айырмашылықтар долларға - 2 теңге, евроға – 3 теңге. Филиал басшысы алаяқтықтың алдын алу мақсатында валюталық операцияларды тек ресми айырбастау пунктерінде жүргізуді ұсынды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Ұлттық Банкімен ипотека заемшыларының мәселелерін шешу үшін 130 млрд. тенге бөлінді. 2015 жылдың 24 сәуірінде ҚР Ұлттық банкі Басқармасының №69 қаулысымен тиісті бағдарлама бекітілді. Бағдарлама аясында 25000 келісім-шарт қайта қаржыландырылатын болады, оның ішінде 5000-нан астамы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын ипотека заемшыларының келісім-шарты», - деді Е. Жұмабеков баяндамасында.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА