А.АЙЫМБЕТОВТІ ҒАРЫШҚА ҰШЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМДЕР ТОЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ
Роскосмос агенттігі мен Қазғарыш комитеті Айдын Айымбетовті ғарышқа ұшыру туралы келісімге қол қойды. Тарихи шара Мәскеу түбінде өтіп жатқан МАКС-2015 халықаралық әуе салонында жүзеге асты. Қазақстан атынан тарихи келісімге Қазғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Роскосмос агенттігі басшысының уақытша міндетін атқарушы Александр Иванов қол қойды. Бүгін Мәскеу түбінде өтіп жатқан халықаралық МАКС-2015 атты халықаралық әуе саланонында Қазақстан үшін өте маңызды, тарихи шаралардың бірі өтті.
Атап айтатын болсақ, Қазғарыш комитеті мен Ресейдің Роскосмос агенттігі арасында қазақтың ғарышкері Айдын Айымбетовті ғарышқа ұшыру жөніндегі қаржылық келісімшартқа қол қойылды. Естеріңізге салып өтейік, аталған келісімнің бастапқы құны 50 млн АҚШ долларына бағаланған еді. Алайда бұл мәселеге ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей араласып, бұл мәселе оң шешіліп, нәтижесінде келісімнің құны 30 млн АҚШ долларына төмендеді. Яғни бүгін бұл келісімнің құны 20 млн АҚШ долларын құрайды. Дәл қазір біз сіздерге осы тарихи сәттен бір түсірілімді ұсынып отырмыз.
- Бұл сәтті барша Қазақ елі күтті. Бүгін біз Айдын Айымбетовті ғарышқа ұшыру жөніндегі келісімге қол қойдық. Айдын Айымбетов ғарышқа екінші борт инженер ретінде ұшатын болады. Онымен бірге Ресейдің ғарышкері Волков және даниялық ғарышкер Могенсен ұшпақ. Сондай-ақ бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану мәселесімен, Ресеймен Қазақстанның бірлескен Бәйтерек жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, - деді Қазғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев.
- Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімдер толық аяқталды. Бұдан кейінде қазақстандық ғарышкерлер одан әрі ғарышқа ұшатын болады. Естеріңізге салып өтейік, қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа 2 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 10:30-да ұшуды жоспарлап отыр, - деп хабарлады Роскосмос корпорациясының басшысы Игорь Комаров.