«ТАТУЛЫҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН»
Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы хатшылығының «Сыр елі – достық мекені» атты ақпараттық-насихаттық тобы 2015 жылдың 19 тамызында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасын түсіндіру мақсатында «Татулығымыз жарасқан» тақырыбымен өңірде мұнай-газ саласын дамытуға үлес қосып отырған «СНПС-Айдан Мұнай» акционерлік қоғамының ұжымында кездесу өткізді.
Кездесуге «СНПС-Айдан Мұнай» акционерлік қоғамының вице-президенті Б.Нұрекеев пен 100-ден астам жұмысшысы қатысты.
Облыстық еңбек бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ө.Хасанов еңбек саласына қатысты заңдылықтар жөнінде айтып өтсе, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары А.Жұмабаев Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасының 4-бағыты «Біртектілік пен бірлік» ұғымына айрықша тоқталып, кеңінен түсіндіріп берді.
Кәріс этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары В.Н.Шин, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» ҚБ облыстық филиалының директоры В.П.Толоконников, қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы С.Жұбатқанов Ассамблеяның орны, этномәдени бірлестіктердің бірлік пен ынтымақты сақтаудағы ролі, еліміздегі достық пен бірлік ұғымдарын, Елбасы саясатын жастарға дұрыс түсіндіру, оларды қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу төңірегінде әңгімеледі.
Шара соңында жұмысшылар әсерлі кездесуге алғыстарын білдірді.