ЗАҢСЫЗ АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ӨЗІҢІЗ ДЕ АНЫҚТАЙ АЛАСЫЗ
Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлі Мемлекеттік кірістер комитеті Wipon (Вайпон) компаниясымен бірлесіп, заңсыз алкоголь өнімдерін анықтау үшін мобильді қосымшаны іске қосты, деп хабарлады облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.
Алкоголь өнімдерін заңсыз сататын нүктелерге жүргізілген мониторинг негізінде Wipon жүйесінің алдын ала деректер статистикасы құрылған. Комитеттің ұсынысымен осы статистика жаңарып, үш деңгейде: аудан, облыс және орталық, бақылау жүзеге асады. Осы деректер алкоголь бойынша тақырыптық тексерулер жүргізуге негіз болады.
Ол үшін Wipon атты қосымшаны www.wiponapp.com сайты арқылы жүктеп алып, Сіз өзіңіз-ақ алкоголь өнімін тексере аласыз.
iOs, Android және Windowsphone үшін қосымшаны қазірдің өзінде жүктеуге болады. Өнімнің акцизін сканерлеп алған соң, қосымшада оның түпнұсқа немесе алдамшы екені бірден көрінеді. Сонымен қатар, Сіздің тексеру нәтижеңіз сол уақыт белгісімен Комитетке жолданып отырады.