ҚАЗПОШТА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МАРКА ШЫҒАРДЫ
Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған марканы пошталық айналымға енгізгені туралы хабарлайды.
Марканы бастыру салтанаты Конституциялық Кеңес ғимаратында өтті. Іс-шараға «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов қатысты.
Бұл марка «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясында шығарылған. 4 бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ. Парақтың өлшемі 130 х 108 мм. Марканың өлшемі 26 х 36 мм. Парақта 8 (сегіз) марка. Пошталық марканың номиналы – «А» литерасы (112 теңге) – заңды тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасы аумағында жер үсті көлігімен 20 граммға дейінгі салмақта қарапайым хаты жіберу тарифіне сәйкес келеді. Таралымы – 5 000 дана. Суретші Қ. Ибрайшин. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.