ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ҚАДАМЫ
Валютаның құнсыздануы жалғыз біздің мемлекетке тән құбылыс емес. Әлем елдерінің бәрінде дерлік дағдарыс орын алып отыр. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын, баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамы» осының алдын алуға бағытталған болатын.
Ең алдымен, мұнай бағасының төмендеуі тек еліміздің экономикасына ғана емес, әлемдік экономикаға әсер етері сөзсіз. Бұған дейін Үкімет пен Ұлттық банк жай ғана дәліз, яғни, теңгенің бағамын жасанды түрде тежеп, ұстап келді. Әлемдік қаржы дағдарысында АҚШ доллары мен теңге айырмасын қолдан ұстап тұру, ел бизнесінің өркендеуіне әкеліп соғатын құбылысқа айналуы мүмкін.
Бірден айтайық, бұл ел экономикасы үшін өте керек шара. Шындығында, нарықтың жағдайы сұраныс пен ұсынысқа негізделеді. Яғни, сұранысың көп болса, баға да жоғары болады. Сұраныс аз болса, баға төмендейді. Ендеше, бұрыннан айтып келе жатқан бәсекелестікте өз орныңды алу үшін, алдымен, өндіретін тауардың өзіндік құнын, яғни, шығынды азайтып, сапасын арттыру маңызды. Осы бағытта жергілікті атқарушы органдар ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.
Әрине, алғашқы уақытта қиын¬дық¬тар, түрлі ауытқулар болуы мүмкін. Бі¬рақ, кейін бәрі өз арнасына түсері анық. Бұған дейін де мұндай өткінші қиындықтарға, алапат дағдарыстарға қарамай, қайыспай төтеп бергенбіз. Азия дағдарысынан, тіпті дүниежүзілік дағ¬дарыстан да, 2007-2009 жылдардағы қиындықтарды да табысты өткердік. Енді елдегі жаңа ақша-несие саясатының шараларын іске асыра отырып, бүгінгі жағдайдағы ахуалдан да өтетінімізге сенімдімін.
Дағдарыстар өтеді, кетеді, ал ел тәуелсіздігі, ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтар ғана ғұмырлық.
Нұрмұрат ЕРМАНОВ,
Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі,
облыстық мәслихат депутаты