26 ТАМЫЗДА ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕЛ ТҰРЫП, СОЛТҮСТІКТЕ КҮН КҮРТ СУЫТАДЫ
Сәрсенбі, 26 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігі циклон ықпалында болып, атмосфералық ағындардың әсерінен күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Сондай-ақ жел күшейіп, республиканың оңтүстік шығысы мен шығысында бұршақ түсуі мүмкін. Түнде елдің солтүстік бөлігінде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратынша, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрып, түнде және таңертең тұман түседі. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдыққа дейін күшейіп, бұршақ түсуі ықтимал. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 1-3 градус суық болады. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталуда.