ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАРУАЛАР ОБЛЫСТЫҢ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ЖҮЗДЕГЕН ТОННА КАРТОП ЖЕТКІЗБЕК
Қызылорда облысында жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өңірдегі тұрақтандыру қорының қоймаларын картоппен толтыруға қол ұшын бермек, деп хабарлайды Bnews.kz.
Тұрақтандыру қорының операторы – «Қаржы компаниясы» ЖШС-інің мәліметіне сүйенсек, фьючерстік шарт жасасқан шаруа қожалықтары картоптың алғашқы партиясын қазан айының басында жеткізе бастайды.
«Тұрақтандыру қоры Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданының 5 шаруа қожалығынан 550 тонна картоп сатып алады. Қазір қоймада Солтүстік Қазақстаннан жеткізілген 800 тонна картоп бар, жалпы, 1350 тонна өнім сатып алуымыз қажет», - дейді «Қаржы компаниясы» ЖШС-і директорының орынбасары Лаура Жанасбаева.