ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРГЕ ТИІМДІ МҮМКІНДІК
Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары қатарында жұмыс істеп келе жатқан ауыл шаруашылығы саласындағы диқандардың да соңғы кезде баға жағынан бәсекелестікке төтеп беруі қиындық туғызған еді. Көрші елдер валютасының құлдырауынан соң басталған шетелдік бәсекелестердің тауарларына деген сұраныс отандық өнім өндірушілерді әжептәуір алаңдатты. Сондықтан жаңа экономикалық және ақша-кредит саясаты енгізіліп отыр.
Үкімет пен Ұлттық банктің жан-жақты сараптамадан өтіп, таразыланған шешімі шетелдік тауарлардың біздің нарықты басып қалуына тосқауыл болады деп ойлаймын. Жергілікті жерде өндірілген, шетелдік тауарлардан еш кемдігі жоқ өз өнімдеріміз сапасы жағынан бәсекеге төтеп бергенмен, импорттық тауарлардың бағасы төмен.
Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк дер кезінде және дұрыс шаралар қабылдады деп есептеймін. Енді отандық өндірушілер өзіміздің ішкі нарықтағы адымын нықтап, алға қадам басады. Бизнесті қолдау үшін жасалған қадамды сезіне отырып, қарамағындағы адамдардың еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәл қазіргідей күрделі экономикалық кезеңде жұмыс ауқымының болуы аса маңызды. Ал өндірілген тауардың өтімділігі, нарықта бәсекеге дайын болуы жаңа ақша саясатына тікелей қатысты.
Абзал ЕРӘЛИЕВ,
Қазақстанның Еңбек Ері