«ШАПАҒАТТЫҢ» МЕРЕЙЛІ АСУЫ
Өткен жұмада Қазалыдағы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясының қамқорлығындағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығы құрылғанына 20 жыл толуын атап өтті.
Осы күнге орайластырылған салтанатты шарада «Шапағаттықтарды» ауданның әкімі Нәжмадин Шамұратов, «ПҚҚР» АҚ вице-президенті Болат Көшербаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, облыстың ҮЕҰ өкілдері, орталықтың түлектері және басқалар құттықтады.
Мекеменің тарихы 1995 жылы Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде ПРООН желісінің қолдауымен «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығы ашылуынан бастау алады. Орталық уақыт өте келе аймақтағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту-сауықтыруда айтарлықтай жетістіктерге жеткен белгілі қоғамдық ұйымдардың бірі ретінде танылды. 20 жыл мерзім аралығында орталықтың табалдырығын төрт жүзден аса мүгедек бала аттаса, оның алпысқа жуығы осында сырқатынан айығып, оқуын жалпыға білім беретін мектептер мен арнаулы мектептерде жалғастыруға қолдары жетті. Бұдан басқа, алғашқы түлектердің арасында жоғары білім алып, отбасын құрғандары бар.
Қазіргі күні «Шапағатта» 44 мүгедек бала диагноздарына қарай «Үміт», «Тілашар», «Балдырған» және «Балауса» топтарында ем алып тәрбиеленуде. Оларға дефектологтар, мануалды ем терапевтері, невропатологтар, психологтар, тәрбиешілер медициналық-психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Сондай-ақ мұнда балалармен сәндік-қолднабалы өнер, ән - би, дене шынықтыру және басқа да үйірмелердің мамандары жұмыс істейді.
Осы 20 жыл ішінде «Шапағат» мүгедек балалармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыруға арқау болатын 30-дан аса жобаны жүзеге асырды. Атап айтқанда, орталық 2012 жылы үкіметтік емес сектор жүзеге асыратын әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауында «Тірек-қимыл жүйесі бұзылған және неврологиялық ауытқушылығы бар мүгедек балаларға күтім жасау» жобасы бойынша жеңімпаз атанды.
- «Шапағаттың» мерейтойы — бұл «Шапағаттың» шапағатын көріп келе жатқан әрбір науқас бала үшін, бауыр еті баласын оңалту орталығына «ауруынан айығады» деген үмітпен әкелетін әрбір ана үшін, көмек күтіп көзі жәутеңдеген мүгедек баланың тағдырына өзінің қажеті және қатысы барын түсінетін әрбір қызметкер үшін мейрам, - дейді «Шапағат» МБОО президенті Шынар Жеңсікбаева. – 18 жылдан бері «Шапағат» «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясының жан-жақты қамқорлығы мен шарапатын көріп келеді. Балалар мекемесін өз қамқорлығына алған мұнайшылар оларды өздерін басқа балалармен тең сезінетіндей халге жеткізу үшін барынша қолдау көрсетіп келеді. Осы үшін де біз демеушілерімізге барлық емделуші балалардың ана лары мен ұжымымыздың атынан ризашылығымызды білдіреміз.
Мерекелік шарада ұжымының атына, орталықтың тарихы мен жетістіктері туралы бірсыпыра жүрекжарды лебіздер айтылды.
- Бала ауырса ата-ананың жаны баланың үстінде болады, ата-аналар қашанда балалардың қуанышты, бақытты жүздерін көргісі келеді, - деді өз сөзінде аудан әкімі Нәжмадин Шамұратов. - «Шапағаттың» балалары дендері сау болып, шаттыққа бөленіп өсе берсін, ал аудан әкімшілігі оларға қолдан келген көмегін беріп тұрады.
- «ПҚҚР» АҚ атынан орталықтың басшылығы мен қызметкерлерін, тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналарын мерейтоймен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер! Барлығыңызға мықты денсаулық, жақсылықтар, табыс және арман-мақсаттарыңыздың жүзеге асуын тілеймін! – деп «ПҚҚР» АҚ вице-президенті Болат Көшербаев шапағаттықтарға өз игі тілегін білдірді. – Бүгін осы орталыққа күнде таңертеңмен балаларға денсаулық пен қамқорлық сыйлауға асыға басатын мамандар қауымын айрықша ілтипатпен айтып өткіміз келеді. 20 жыл уақыт аралығында сідер көптеген жайттарды бастарыңыздан өткердіңіздер, бірақ ұжымдарыңыз өз мамандығы – балаларды емдеуге адалдық танытып келеді. Мүгедек балаларды оңалту – оңайлықпен келмейтіні ешкімге жасырын емес. Және де солардың 50-ден астамының мектепте оқуға қосылғаны – «Шапағаттың» басты жеңісі..
Ұстіміздегі жылы «Шапағаттың» тағы бір төрт түлегі мектепке барады. Б.Көшербаев болашақ бірінші сынып оқушыларына ішінде мектеп оқу құралдарының толық жинағы бар арқаға асатын сөмке мен мектеп формасын сыйлады. Бұдан басқа, Б.Көшербаев шапағаттықтарға «ПҚҚР» АҚ қызметкерлері ортылықтың қажетіне деп қайырымдылық көмек ретінде жинаған бір миллион теңгені тапсырды.
Салтанатты шара барысында «Шапағаттың» үздік қызметкерлері облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды. Мерейтойға келген қонақтар алдында оңалту орталығының тәрбиеленушілері өз күштерімен дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Айдос АБСАТ.
Суретті түсірген Андрей ТАЙГУНОВ.