ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ КЕЛЕСІ 5-7 ЖЫЛ «ҚАТАҢ ҮНЕМДЕУ» ПРИНЦИПІНЕ КӨШПЕК
Қызылорда облысы «қатаң үнемдеу» принципімен жұмыс жасауға көшпек. Сала мамандарының ойынша «басқа» экономикалық жағдайда өмір сүру кем дегенде 5-7 жылға созылмақ. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында экономика ғылымдарының докторы Ирина Ким хабарлады. Сонымен қатар, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы орынбасары Мәлік Тұрманов жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайындағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне тоқталды.
Қазіргі таңда облыстық бюджеттің оңтайландырылған шығыстарының сомасы 2,5 млрд. теңгені құрап, алдағы уақытта бұл бағыт жалғасын таппақ. Өз сөзінде Ирина Ким бюджетте қарастырылған жобаларға талдау жасалып, уақытша тоқтатуға болатындарын тоқтатып, қысқа мерзімде тиімділік беретін жобалар ғана қалдырылатынын айтты.
«Қалыптасқан экономикалық жағдайда, бюджет саясатында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту басымды бағыт болып табылады. Яғни, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвесторладың капиталын тартатын боламыз»,- деді ол.
Қазіргі таңда бюджеттің орындалмайтын кірістерін қысқарту, тиісінше шығыстар бөлігін қысқарту қарастырылатын 2016-2018 жылдарға арналған бюджет жобасы қалыптастырылуда.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА