ЕЛІМІЗДЕ ЖИІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ҚЫМБАТТАҒАН ЖОҚ
Қазақстанның барлық аймақтарында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен фармацевтикалық қауымдастық арасында өзара келісілген дәрілік және медициналық мақсаттағы заттардың бағасын ұстап тұру жөніндегі меморандум шарттары сақталып отыр, деп хабарлайды Bnews.kz.
Биылғы жылдың 23 тамызында ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті аймақтық департаменттері мамандары медициналық мақсаттағы 200 заттың бағасын ұстап тұру бойынша мониторинг жүргізді, нәтижесінде елімізде аталмыш дәрілердің қымбаттамағаны анықталды. Сондай-ақ, тұрғындардан өтініштер мен шағымдар түспеген.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, кәсіпкерлерге меморандум аясында құны бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын қайта қарауға жол бермеу керектігі хабарланды.