ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ХАЛЫҚҚА АРЗАН АЗЫҚ-ТҮЛІК САТУҒА ДАЙЫН
Қызылорда облыстық тұрақтандыру қоры халық жиі пайдаланатын азық-түлік өнімдерін кез келген уақытта әлеуметтік суда орындарына жеткізуге дайын, деп хабарлайды BNews.kz.
Облыста 33 әлеуметтік маңызы тауардың құнын бақылау үшін арнайы штаб құрылды, күніне екі мәрте базарлардағы тауар бағасына мониторинг жүргізіледі. Штаб мамандарының айтуынша, азық-түлік бағасы тұрақты, тауарды негізсіз қымбаттату байқалмайды.
«Облыс басшылығы түрлі жағдайда қалай әрекет етуді жақсы біледі, бұл жағынан тәжірибе бар, өңірде тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Жергілікті билік пен әлеуметтік жауапкершілік жүктелген кәсіпкерлердің бірлесе әрекет етуінің арқасында біз бағаның негізсіз өсуіне жол бермейміз деген ойдамын», - дейді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов.
«Қазіргі таңда «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қоймалары мен тұрақтандыру қорында алты мың тоннаға жуық тоғыз түрлі өнім сақтаулы, бұл халыққа ең қажетті тауарлар. Мысалы, ұн, күріш, картоп, макарон, қант. Біз азық-түлікті азаматтарға тұрақты бағамен сатуға дайынбыз», - дейді «Қаржы компания» ЖШС директоры Дамир Қамышев.