ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ 5 МЫҢНАН АСА ҰЙЫМ ҰЖЫМДЫҚ КЕЛІСІМШАРТ БЕКІТТІ
Қызылорда облысында азаматтардың еңбек құқықтарын қолдауға бағытталған «Ұжымдық келісімшарт бекітіңіз!» акциясы жақсы нәтиже берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Акцияның арқасында 5188 ұйым ұжымдық келісімшарт бекітті. Соның ішінде 1011 –кәсіподақ органдары, 4177 – жұмысшылардың өкілетті ұжымдары», - дейді облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Өтеп Хасанов.
Еңбек саласындағы бақылау басқармасының ақпаратынша, өңірде шетелдіктердің қатысуымен ашылған кәсіпорындарда еңбектеніп жүрген азаматтардың еңбек құқығының сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Қазір мұндай кәсіпорындар саны облыста 17. Мониторинг ондағы еңбек саласындағы жағдайдың тұрақты екенін көрсетіп отыр.
Айта кетсек, жыл басынан бері облыста мекемелер мен ұйымдардағы жалақы қарызы жыл басынан бергі 172,1 миллион теңгеден 14,8 миллионға дейін қысқарған.
Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда тек үш борышкер жұмыс берушіден қарызды өндіріп алу жағы қиындық тудырып отыр. Олар қол астындағы қызметкерлеріне шамамен 14,5 млн теңге берешек екен.