ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР ҚЫМБАТТАМАУЫ ТИІС
Қазір ел азаматтарын жұмыспен қамту, еңбекақыны дер кезінде төлеу негізгі мәселенің бірі. Осы ретте Елбасы экспорттаушыларды елді валюталық түсіммен қамтамасыз етуге шақырды. Яғни валютаны шетелде ұстамай, мүмкіндігінше ел игілігіне жұмсау керек, - деді ол. Сондай-ақ алмағайып уақытты пайдаланып азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер тиісті жазасын алады деп ескертті. Әсіресе отандық өнімдер қымбаттамауы тиіс. Өз кезегінде ел кәсіпкерлері теңгенің еркін айырбас бағамына көшуін қолдап, алдағы уақытта да жұмыс орындарын қысқартпауға барынша уәде берді.
- Ауылшаруашылығы саласында жұмыс істеп жатқандықтан диқандардың да осы баға жағынан көрші мемлекеттердің ұлттық валюталары құнсызданып тұрған кезде баға жағынан бәсекелесу қиындап қалды. Ұжымымыздың құрамында жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің жұмыстағы жағдайын жақсартуға, тұрақтылыққа, әлеуметтік жағдайын түзеуге күш саламыз деп уәде беремін. Бүгінгі қабылданған шешім дұрыс, орынды, дер кезінде қабылданды деп ойлаймыз, - деді Қызылорда облыстық күріш өңдеу және өндірушілер қауымдастығының президенті Абзал Ерәлиев.