ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ
Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың нарықтағы бағаларын тұрақтандыру жөніндегі өңірлік штаб отырысы өтті. Жиында теңгенің еркін алмасу бағамына көшуіне байланысты қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатындағы іс-қимыл жоспары бекітілгендігі айтылды.
Іс-қимыл жоспар бойынша атқарылатын жұмыстарды облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов баяндап берді. Негізгі мақсат нарықтағы бағаны бақылауда ұстау, мобильді топтың жұмысын үйлестіру, бекітілген кесте бойынша жұмыс жасау.
Штаб мүшелері азық-түліктің әлеуметтік маңызды деген 33 түрінің бағасын бақылауда ұстауда. Қырыққабат, қызылшада сәл өсім бар. Облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов бұл мәселені шешу бағытында жұмыс жасалып жатқандығын жеткізді.
– Облыстағы жағдай бірқалыпты. Бірақ қол қусырып отыруға болмайды. Кейбір сауда орындарында қантты шектеулі мөлшерде ғана сатып жатыр деген ақпарат бар. Мұндай келеңсіздіктер орын алмауы тиіс. Бақылауды күшейтіңіздер, - деп қатаң тапсырды облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Қазіргі таңда елімізде 7300-ден астам дәрі-дәрмек бар. Мемлекет соның 850-нің бағасын реттеп отырады. Яғни, өмірліқ маңызы бар дәрілердің бағасын белгілейді. Облыс бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің басшысы Ш.Исағалиева дәрілердің бұл түрінің бағасы қымбаттамайтындығын жеткізді.
Кезекті штаб отырысын қорытындылаған аймақ басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.