ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢАДАН СУДЬЯ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2015 жылдың 20 тамызында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адрановтың қатысуымен ҚР Президентінің 2015 жылдың 17 тамызындағы №.65 Жарлығымен судья лауазымына алғаш рет тағайындалға Омарсерікова Салтанат Серікбайқызын Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымына таныстыру рәсімі өтті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Рәсімге аталған сот төрағасы мен сот мамандары қатысты. Облыстық соттың алқа төрағасы Қ.Адранов алғаш рет тағайындалған судьяны жаңа қызметімен құттықтап, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруына тілек білдірді.
Салтанат Омарсерікова 18.04.1967 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 2002 жылдан бастап сот саласында жұмыс істеп, бүгінгі күнге дейін Қызылорда қалалық сотының жетекші маман-сот отырысының хатшысы, Қызылорда облыстық сотының сотының жетекші маманы, облыстық сот кеңсесінің ұйымдастыру және талдау бөлімінің жетекші маманы және Қызылорда облыстық сотының кеңсесі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, бас маман- сот отырысының хатшысы қызметтерін атқарып келген.