ЭЛЕКТРОНДЫ КИІЗ ҮЙ ӘР ҚАЗАҚТЫҢ ТӨРІНДЕ ТҰРУҒА ЛАЙЫҚ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы Қызылорда облыстық коммуникациялар орталығында тілді дамытып, ұлттық әдет-ғұрыпты насихаттайтын заманауи тәрбие құралы таныстырылды.
- Қазақ үйінің кішірейтілген нұсқасына бесік жыры, ертегілер, балалар әндері, халық және халық композиторларының ән-күйлері, терме-толғаулар, отаншылдық рухтағы әндер, Абайдың қара сөздері енгізілген, - деді «Электронды қазақ үйі» жобасының жауапты редакторы Жарқын Сәленұлы.
Электронды қазақ үйіндегі 150 ертегіні қазаққа танымал актер Айдос Бектемір мен диктор Сауық Жақан оқыған.
- Балаға зиянсыз материалдан жасалған құрылғы бұған дейін Германия, Ресей, Түркия елдерінде таныстырылып, үлкен сұранысқа ие болған еді. Сондықтан алдағы уақытта әрбір қарашаңырақтың төрінде электронды қазақ үйі тұрады деген ниеттеміз, - деді журналист Мырзахан Байжанұлы.
Алдағы уақытта электронды киіз үйге би-шешендердің сөздері мен аят-хадистерді енгізу жоспарланып отыр. Жиналған қаржы кез келген ақын-жазушының кешін өткізу секілді қайырымдылық шараларға жұмсалмақ.
Шынар БЕКБАН

Комментарии 1