2015 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕСІ ЕҢ ЫСТЫҚ АЙ АТАНДЫ
Биылғы жылдың шілдесі әлемде ең ыстық ай атанып отыр, деп хабарлайды vesti.ru.
АҚШ Мұхиттық және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасының ақпаратынша,биыл шілде айында орташа температура 16,6 градусты құраған, бұл 1988 жылдың шілдесінде тіркелген рекордтан 0,08 градусқа жоғары.
Африкада өткен ай температура көрсеткіші жағынан 2002 жылдың шілдесіне ғана «жол берді».
Австрияда 2015 жылдың шілдесі 1767 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ұлттық бақылау тарихында ең ыстық ай атанған.
Баяндамада тек шілде айы ғана емес, 2015 жылдың өзі де әлемдік тарихта ең ыстық жыл атануы мүмкін екені айтылған. Мамандардың пікірінше, температура рекордтарына Жер шары климатының ғаламдық өзгерістері мен Эль-Ниньо табиғи феномені әсерін тигізуде.