БЕС САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ҮКІМЕТТІК СТАТУСҚА ИЕ БОЛМАҚ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбаева Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бойынша БАҚ құралдарының қатысуымен баспасөз брифингін өткізді.
Ә.Жақыпбаева еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды саралай келе, ұлт жоспарының бесінші «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бағыты бойынша Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатындағы іс-шаралармен таныстырды. Оның ішінде мемлекеттік аудит және аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін, «Ашық үкіметті», жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу аясындағы мәселелерге кеңінен тоқталды.
«5 салалық бағдарламаға, атап айтқанда «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қастудың жол картасы-2020», «2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» және 2020 жылға дейін қызмет саласын дамыту бағдарламаларына Үкіметтік статус беру жоспарлануда, - деді Әлия Жақыпбаева.
Кездесу барысында журналистердің соңғы күндері орын алған теңгенің құлдырауының облыс бюджетіне әсері жайлы сұрақтарына жауап берді.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА