ЕРКІН ТЕҢГЕ БАҒАМЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЕТЕ ТҮСЕДІ
Еркін теңге бағамы ауыл шаруашылығы саласына оң ықпал етіп, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі. Бұл туралы тілшілерге ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Ауыл шаруашылығы саласына еркін теңге бағамы оң ықпал етеді деп айтуға болады. Бұл отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі», - деген пікірде министр.
«Біз үшін экспортқа шығару, оның ішінде ресейлік нарыққа жеткізу маңызды. Сондай-ақ біздің елге келетін импорттың диспропорция есебінен тиімдірек бағамен сатылғаны да жөн емес. Бәсеке тең жағдайда болуы тиіс деп есептейміз», - деп толықтырды А.Мамытбеков.
Айта кетейік, 20 тамыздан бастап Қазақстан теңге бағамының еркін айналымына көшті. Яғни, Ұлттық банк енді теңгенің бағасын қадағаламайды, нарық валюта бағамын өзі белгілейді. Осылайша, Үкімет пен Ұлттық банк жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға кіріседі. Сондай-ақ жуық арада Үкімет шұғыл іс-шаралар жоспарын қабылдайды.