МҰНАЙ МЕН МЕТАЛДЫҢ БАҒАСЫ АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨЗГЕРМЕЙДІ
2015 жылы мұнай бағасының 1 тоннасы 6300-ден 5100-ге дейін арзандады. Мұнай мен металдың бағасы алдағы 5 жылда өзгермейді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Ақордада өтіп жатқан кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Біз барлық әлемдік экономика секілді қиын-қыстау заманды бастан кешіріп жатырмыз. Соңғы жылы әлемдік экономикадағы ахуалдың едәуір нашарлағаны байқалады. Дағдарыс барлық бағыттарда өршіп келеді, ол дамушы да, дамыған елдерге де әсерін тигізді. Бұл дауыл ешбір мемлекетті айналып өтпейді. Дүниежүзілік банк, халықаралық валюта қоры әлемдік экономика өсімі бойынша өз болжамдарын 3%-дан 2,8-2,5%-ға дейін қайта төмендетті. Мұнайдың әлемдік бағасының арзандауы жалғасады, ал мұнай біздің басты экспорттық әлеуетіміз», – дейді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, өткен жылы 115 доллар болған мұнай биыл 48,5 долларға дейін арзандады, яғни, 2,4 есеге дейін құлдырады.
«2011 жылы арзандап бастаған металл бағасы әлі де жалғасып келеді. Металл бағасының индексі 45,5%-ға төмендеді. Тек осы жылы мұнай бағасының 1 тоннасы 6300-ден 5100-ге дейін төмендеді. Мұнай мен металдың бағасы алдағы 5 жылда өзгермеуі мүмкін», – дейді Н.Назарбаев.