ШЫМКЕНТТЕН ҚЫЗЫЛОРДАҒА ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛМАҚ
«Qazaq Air» жаңа әуе компаниясы арқылы рейс Шымкенттен Қызылордаға аптасына екі рет қатынайтын болады, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ұшу рейсі дүйсенбі мен сенбі күнге жоспарланған. Бір бағытқа ұшу үшін билет бағасы 8556 теңге. «QazaqAir» әуе компаниясы рейсті үстіміздегі жылдың 27 тамызынан бастауды жоспарлап отыр.
«QazaqAir» компаниясына билетті брондап қою жүйесі базалық және толық емес тарифтермен жүзеге асады. 2 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға билет құны әмбебап базалық тарифке сәйкес 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Ал 2 жасқа дейінгі балаларға ұшу тегін.
Айта кету керек, қазіргі таңда әуе компаниясының флотында «Бомбардир Q-400» маркілі 2 ұшақ бар. Үшіншісі тамыздың төртінші аптасында келмек. Жаңа әуе компаниясын құру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ 4,7 млрд теңге бөлінген. Олардың әр қайсысының құны 27 млн. доллар екен. Ұшқыштардың сөзінше, шағын ұшақ 78 жолаушыға арналған және -54 градустан + 50 градустық ыстықта еш қиындықсыз әуе тасымалын жасай алады.
Естеріңізге сала кетсек, екінші ұлттық әуе компаниясын құру қажеттігі туралы 2014 жылдың ақпанында мәлімдеген болатын.

Комментарии 1