СЕРВИСТІК-ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Тұтастай Қызылорда облысы бойынша 2-тоқсанында 209 189,5 мың теңге жарғылық капиталдары және 45 адам қызметкерлері бар 4 сервистік-дайындау орталығы жұмыс атқарған.
Сервистік-дайындау орталықтарының құрамына 4 ауылдық өндірістік кооперативтер, 1 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары кіреді. 2015 жылғы 2-тоқсанда сервистік-дайындау орталықтарымен 145 235,0 мың теңгеге өнім өндіріліп және қызмет көрсетілді. Атап айтқанда, мұздатылған балық өндірісі – 28 559,0 мың теңге, мұздатылған балық жон етінің өндірісі. – 109 512,0 мың теңге және ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жалға беру бойынша қызметтер – 7 164,0 мың теңге