2017 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӨТЕТІН EXPO КӨРМЕСІНЕ 36 ЕЛ КЕЛЕТІНІН РЕСМИ РАСТАДЫ
Жыл соңына дейін ол тізімді тағы 30 мемлекет толтырмақ. Ал аумағы жөнінен қалашықтағы ең үлкен павильон Үндістанға бұйыратын болды. Мұны үнді еліне арнайы барып қайтқан қазақстандық делегация хабарлады. Үнді елі мен арада жүргізілген келіссөздер тура бір жылға созылды. Нәтижесінде Үндістанның қайталанбас мәдениеті, алуан бояулы өрнектері EXPO-ның ең үлкен аумағын алатын болды. Елдің Cыртқы істер министрлігі көрмеден 2 не 3 мың шаршы метр жер сұрап отыр.
- Бізге барынша кең орын қажет. Өйткені болашақ энергиясы бізге өте жақын тақырып. Сол арқылы қуат көзінің баламаларын табу үшін қандай жетістіктерге жеткенімізді көрсеткіміз келеді. Үндістан осылайша біздің елде өтетінEXPO-ға өздерін танытудан бұрын алдымен баламалы энергия көзін қалай табу керек деген мәселемен келмек. Өйткені табиғи ресурстардың аздығынан бұл ел жағармайдың 80%-ын сырттан алады, - деді Үндістан Cыртқы істер министрінің орынбасары Суджата Мехта.
- Байқаған боларсыздар, еліміздің ауа райы күннен қуат алу үшін аса қолайлы. Мұны тиімді пайдалана білу қажет. 2020 жылға қарай жылына 20 мың, ал 2030 жылы 100 мың мегаватт күн энергиясын алуды жоспарлап отырмыз. Мұнымен қоса, өз жаңалықтарымызды шетке шығарып, өзгелермен бөліспек ойымыз да бар. EXPO біз үшін осы тұрғыда тиімді. Баламалы энергияны өндіруге бағытталған технологиялардың дені Үндістанның оңтүстігі – Бангалорда жасалады екен. Ең ірі ІТ-компаниялар мен беделді университеттер де осында. EXPO көрмесіне елдегі жетекші ғылыми институттың қызметкерлері де қызығып отыр, - деп толықтырды Шри Депак.
- Бұл салада біздің көрсетеріміз көп. Институтымыз Үндістанның күн қуатын өндіруге бағытталған бағдарламасына қатысады. Ал Қазақстанға нақты не алып барарымызды әлі әріптестерімізбен ақылдасамыз. Үндістанның инновациялық технологияларын таныстыру үшін Қазақстан ең үлкен павильон беретін болды. Ал оның орналасу орны, сыртқы сипаты, техникалық мүмкіндіктері бір айдан кейін талқыға түседі, - деді Үндістан ғылым институтының профессоры Сива Умапати.
- Қыркүйек айында біздің делегация Алматыда өтетін сауда жәрмеңкесіне қатысады. Сол кезде әріптестерімізбен павильон турасында да сөз қозғамақшымыз. Үндістанның EXPO-ға қатысатыны жөнінде екіжақты келісімге қол қоямыз. Осымен 2017 жылдың ең айтулы шарасына 36 ел қатысатындығын растады. Дегенмен EXPO алаңына 100 мемлекет пен кемінде 10 халықаралық ұйымның павильондары жайғасады деген үміт бар.Елордаға 2 милионнан астам мейман келеді. Басым бөлігі Ресей мен Қытай туристері болуы мүмкін. Ал «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясыҮндістанның туроператорлар қауымдастығымен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойып келді, - деді Үндістан сауда-саттықты дамыту ұйымының хатшысы Минакши Сингх.
- Біз Қазақстанның көз тартарлық, әсем жерлерін зерттеп, арнайы турпакеттер жасамақпыз. Меніңше, рейстерді барынша көбейтіп, біздің Jet Airways, Air India, JetLite сияқты әуе компанияларымызды да қосу қажет. Виза алу тәртібін де жеңілдеткен жөн. Электронды визалар енгізілсе, тіпті жақсы болар еді. Жыл сайын Қазақстанға алыс үнді елінен 14 мыңға жуық турист келеді екен. Жергілікті мамандардың айтуынша, 2017 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 есеге өсуі мүмкін, - деді Үндістан туроператорлар қауымдастығының президенті Субхаш Гоял.