ҚАЗАҚСТАН ДҮКЕНДЕРІ БАҒАЛАРДЫ ӨЗГЕРТУГЕ КІРІСТІ
Қазақстанның айырбас нүктелері мен банктері теңге бағамының жаңа режимінде болған белгісіздікті жойып, қайта жұмыстарына кірісті. Ал сауда орындарындағы қызметкерлер бағаларды өзгертіп әлек.
Бұл туралы "Новости-Казахстанға” сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.Айырбас нүктелері стандартты режимде жұмыс істеп жатыр
Алматыда бейсенбі күні таңертең жұмыстары тоқтап қалған көптеген айырбас нүктелері түскі уақытта қайта ашылды. АҚШ доллары қазіргі уақытта 254 теңге, сату бағасы – 252 теңге.
Ал айырбас нүктелері ұсыныстарының агрегаторы саналатын kurs.kz сайтында доллардың сатып алу бағасы – 249,11 теңге, сату бағасы – 253,45 теңге болып тұр.
Тауарлар ескі, ал бағалар жаңа
Электроника сияқты қымбат тауарлар сататын сауда үйлерінде дүрбелең басталып кеткен.
Алматыдағы Орталық әмбебап дүкен ішіндегі Alser "техникалық себептерге бола” жабылып қалған.
Оның қасындағы Sulpak дүкені де жұмысын тоқтатпаған. Алайда залдағы менеджерлердің тауар бағаларын ауыстырудан қолдары босамай жүр.
«Иә, барлық баға өзгерді. Тек жарнама акцияларына қатысқан тауарлар бағасы сол күйі қалды. Олардың құнын өзгертуге біздің құқымыз жоқ», — дейді дүкен сатушысы.
Қымбат сувенирлер сататын бутик сатушысы бағаларды ауыстыруға үлгермей жатқандықтан, кей тауарларды сатылымнан уақытша алып тастағанын агенттікке хабарлады.
«Бағаларын таңертеңнен алып тастағанбыз. Жаңа баға ертең қойылады. Ал әзірге біз тек кешегі құнына 30% қосудамыз. Алайда сауда жоқ», – дейді сатушы.
Бейсенбі күні премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанның теңге бағамын еркіне қоятын жаңа қаржылық-несиелік саясатқа өткенін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар валюталық дәліз алынып тасталғанын жария етті.
Бұл мәлімдемелерден кейін Қазақстандық қор биржасындағы (KASE) орташа көтерілген теңге бағамы долларына 255,26 теңге болып түсті.