21 ТАМЫЗДА ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың ықпал етуіне байланысты кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ түсуі де ықтимал. Бүгін еліміздің батысы тұманды болса, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн ашық болады.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облысында тек күндіз, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстанда желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының түнде кей жерінде, ал күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, бұршақ түсуі ықтимал.
Ақтөбенің кей тұсында тұман түседі. Ал Алматы облысында аптап ыстық болады.
Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облысында өрт қаупі әлі де сақталады.