А.АЙЫМБЕТОВ «БАЙҚОҢЫРДА» КӨК ТУЫМЫЗДЫ КӨККЕ КӨТЕРДІ
А.Айымбетов «Байқоңырда» көк туымызды көкке көтерді. Ресей мен Данияның да мемлекеттік тулары қатар желбіреді. Бұл – ғарыш кемесі барлық сынақтан өтіп, ұшу алдында өткізілетін дәстүрлі шара. Ғарыш айлағына табан тіреген «Союз ТМА-18М» кемесі қазір соңғы тексерістерден өтуде. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков пен даниялық Андреас Могенсен 2 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 10:30-да ғарышқа сапар шегеді.
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім артып, қолдау білдіргені үшін үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Алға қойған міндеттерді мүлтіксіз орындауға тырысамын. Талғат Мұсабаевпен жиі хабарласып тұрамыз. Ол маған өз ақыл-кеңестерін беруде, - деді ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетов.