ҮКІМЕТ ҰЛТТЫҚ ҚОРҒА ҚОЛ СҰҚПАЙДЫ
Үкімет Ұлттық қордан қосымша қаржы алмайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Біз Ираннан санкциялар алынған сәттен бастап, мұнайдың 1 баррелінің бағасы 10 долларға дейін құлдырауы мүмкін деп санаймыз. Бұл Дүниежүзілік банк пен басқа да сарапшылардың да ұсынысы. Сондықтан, біз барынша консервативті сценарийді аламыз келер жылға орташа баға барреліне 40 доллар. Ұлттық қорға қатысты айтар болсам, біз қиын кезең әлі де туындауы мүмкін деп санаймыз. Сондықтан, Ұлттық қордан қосымша қаржы алмаймыз. Ұлттық қор бізге әлі де қажет болады. Біз бүгінгі күні келісілген Ұлттық қор қаржысын алумен ғана шектелеміз», - деді Премьер-Министр.