ҚР ҮКІМЕТІ МҰНАЙ ӨНДІРУ КӨЛЕМІНІҢ ЕЛЕУЛІ КӨЛЕМДЕ ТӨМЕНДЕУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙДІ
ҚР Үкіметі мұнай өндіру көлемінің елеулі көлемде төмендеуіне жол бермейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
«Мұнай-газ секторы бойынша мұнай өндіруді елеулі көлемде төмендетуге жол бермеу туралы айтып отырмыз. Біз «Kazenergy» қауымдастығымен бірлесе мұнай-газ өндіруші 57 компанияға тыңғылықты талдау жасап, оның қорындысы бойынша төмен рентабельді 39-ы іріктелінді. Енді осы 39-ына қатысты Пайдалы қазбаларды өндіру салығын төмендету жоспарланып отыр»,-деді ол.
Осы орайда Б. Сағынтаев бұл шаралар аталған кәсіпорындар бойынша жалпы салықтық жүктемені 8 пайызға төмендетуге мүмкіндік беретінін, ал қаржылай тұрғыда оның сомасы 146 млрд. теңгеге жететінін айтты.
«Сонымен бірге мұнай компаниялары ілеспе мұнай газын қосымша жағуға рұқсат беру үшін бізге өтініштерін білдірді. Біз қазіргі кезде тиісті шешімді даярлап жатырмыз, бұл өз кезегінде екі есе нәтиже береді. Бір жағынан алып қарағанда, бұл компаниялар өндіру көлемін 480 мың тоннаға дейін арттырады, ал екіншіден - бюджет қосымша 19 млрд. теңге кіріс алады»,-деді ол.