ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ӨРЛЕУ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 48 ОТБАСЫНА ШАРТТЫ АҚШАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында 5984,1 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, 48 отбасына шартты ақшалай көмек көрсетілді. Оның ішінде 17 отбасы Шиелі ауданының тұрғындары болса, қалғаны облыс орталығына тиесілі. Бұл туралы бүгін Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Жазира Жылқышиева «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында хабарлады.
Айта кетейік, «Өрлеу» жобасы үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен Қазақстанның барлық өңірінде іске асырылып жатқан отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы, пилоттық жоба.
Сонымен қатар, аймақтағы тұрғындарды жұмыспен қамту жайы оңтайлы шешілуде. Осы жылдың ІІ-жартыжылдығында 574 адамды жұмыстан босату қаупі туындауда. Олардың дені Байқоңыр қаласында орналасқан Ресей Федерациясының кәсіпорывндарында жұмыс истейтін ҚР азаматтары. Қазіргі күні 200-ге жуығы қысқартылса, жыл соңына дейін 65,8 пайызы немесе 284 адам жұмыссыздар қатарына қосылмақ.
«Жыл басынан бері жұмыстан қысқарған 48 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 227 адам жалақысы сақталмайтын еңбек демалысынан жұмыстарына орналасты. Бүгінде облыс қызметкерлерін жұмыстан босату және білікті мамандардың, жұмысшылардың, біліктілігі төмен жұмысшылардың жұмыстан босату саны белгіленген жұмыс орындарын құру картасы әзірленуде. Осы карта арқылы жұмыстан қысқартылған азаматтарға қолданылатын шаралар ауқымы нақтыланатын болады», - деді Ж.Жылқышиева өз сөзінде.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА